Білімдіден шыққан сөз...
- 1-02-2024, 10:15
- 75
БІРЛЕСТІК / Қазақ тілі әдебиеті
https://www.facebook.com/100041767998842/videos/1088310369150235/
№82 К.Қасымұлы атындағы ЖОББМ-де "Білімдіден шыққан сөз..." атты 6-сыныптар арасында білім сайысы болып өтті. Оқушылармен өткен бұл білім сайысының мақсаты - балалардың қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен ІІ-тоқсанда алған білімдерін пысықтау және қорытындылау.
Сайысқа қатысқан "Жас дарын", "Алғырлар", "Жалын", "Бүркіт" деген атау алған топтар білімнің нағыз бәсеке майданына түсе білді. Аталған сайыс оқушылардың танымдық, шығармашылық, функционалдық сауаттылығын дамыта отырып, бәсекеге лайық тұлға қалыптастыруға үлкен септігін тигізді.
Абайдың қара сөздерін талдай келе оның бүгінгі өмірдегі жаңашылдығын аша білді.
Сонымен қатар бұл сайыста Мұқағали Мақатаевтың туған күніне қарсы оқылған ақын өлеңдері көрермендерді риза етті. Сайыс соңында сөз алған әділ-қазы алқасының төрайымы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қаппарова Нұрбақша қорытынды сөзінде топтарды бағалай отырып, оқушылардың ой ұшқырлығына, тіл тазалығына, сыни көзқарастарына дән риза болғанын айтты. Ал пән мұғалімі Жетписбаева Ақбота әр тоқсан сайын осылай қорытынды білім сайысын өткізіп, оқушыларды білім бәсекесіне шақырып отыратындығын айтып өтті. Өзге пәндерге де ықпал еткен білім сайысы алдағы уақытта барлық сыныптарда тоқсан сайын өтілетін болды.
Комментарии (0)